Таяу Шығыста қираған мәдени нысандардың сандық нұсқасы көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыста қираған мәдени нысандардың сандық нұсқасы көрсетілді

18.10.2018

Францияда Таяу Шығыста қираған немесе жойылуға шақ қалған мәдени нысандардың сандық нұсқасы көрсетілді. «Айконем» атты компанияның техниктері дрондар мен цифрлық камераларды қолданып, Сириядағы Пальмира мен Алеппо, Ирактағы Мосул қалаларындағы мәдени мұралардың жүздеген мың фотосын жасаған. Кейін ақпараттық технологтар осы нысандардың үш өлшемді нұсқаларын жасау үшін бұл суреттерді жасанды интеллект пен суперкомпьютерлерді қолданып, өңдеген.

Осылайша, стартапшылар соғыстан қираған тарихи орындарды қалпына келтіруге үлес қосудан үмітті. Олар өз технологиясы арқылы Ливияда 7 ғасырда тұрғызылған амфитеатрдың, Сириядағы әл-Мәдина базардың, тарихи қамал мен мешіттердің цифрлық бейнелерін жасаған.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу