Қызылжарда сыйымдылығы 120 мың тонна астық сақтау элеваторы жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда сыйымдылығы 120 мың тонна астық сақтау элеваторы жаңартылды

12.09.2014
Қызылжарда сыйымдылығы 120 мың тонна астық сақтау элеваторы жаңартылды

Ірі элеваторды қолданысқа берілуі өңірдегі егін орағымен тұспа-тұс келіп отыр. Сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрайтын бұл кәсіпорынның болашағы зор, дейді мамандар.

Элеватор сағатына 600 тонна астық қабылдап, кептіре алады. Ал ең басты ерекшелігі – энергия үнемдеу жүйесінде.

Күн сәулесінен қуат алатын батареялар электр жарығына жұмсалатын шығынды 3-4 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы аумағы 15 гектар алқапты алып жатқан элеватордың құны 8 миллиард теңгені құрайды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу