Биыл Астанада 3 көкөніс қоймасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада 3 көкөніс қоймасы іске қосылады

04.09.2014
Биыл Астанада 3 көкөніс қоймасы іске қосылады

Биыл Астанада сыйымдылығы 14500 тонна болатын 3 көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға беріледі. Тағы төртеуінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Қазір қалада сыйымдылығы 21850 тонна болатын 5 көкөніс қоймасы жұмыс істеуде. Ал, қаланың қажететтілігі 60 мың тоннаны құрайды.

Пайдалануға берілетін тағы бір қоймада 7 мың тонна көкөніс пен цитрусты жемістер сақталады. Ауданы 2 мың гектар болатын қойманың құрылысы қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Мұнда жеміс пен көкөніс сақтаудың бабын білетін технологтар жұмыс істемек. Ал, халыққа тиімді болуы үшін қойма жанынан сауда орталығын тұрғызу да қарастырылуда.

Әкімдік тарапынан жаңа нысандарды электр желісіне қосу, өндірістік инфрақұрылым мен жол мәселесін шешуге көмектесу мәселелері қарастырылып жатыр. 

Хабарламаларға жазылу