Солтүстік Қазақстанда астықтың 60 пайызы жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда астықтың 60 пайызы жиналды

22.09.2023

Солтүстік Қазақстан диқандары егіннің 60 пайызын жинады. Өнім бірден астық сақтау орындарына жеткізілуде. Өңірде үзіліссіз 48 элеватор жұмыс істеп тұр. Жалпы сыйымдылығы 6,9 млн тонна. Мамандар қойма тапшылығы болмайтынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторларға астықты кептіру мақсатында 19,7 мың тонна дизельдік отын бөлді. Қазір жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай алғысы келетін кәсіпкерлерден өтініш қабылдануда. Биыл теріскей диқандары 4,5 млн гектар алқапқа тұқым сіңірген болатын. Астықтың орташа өнімділігі гектарынан 10,5 центнер.

Мейрам Меңдібаев, СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Ауа райына байланысты 10 күндей, екі жұманың арасында аяқтауға мүмкіндік бар. Қоймаларға 500 мың тонна түсті. Көбінесе 3-класс болады.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу