Еуропалық одақ босқындар мәселесін шеше алмай жатыр

11.11.2015
Еуропалық одақ босқындар мәселесін шеше алмай жатыр
Одаққа мүше елдердің Әділет және Ішкі істер министрлері Бельгия астанасына миграция мәселесін талқылауға жиналған.

«Босқындардың салдарынан Еуропалық одақ ыдырауы мүмкін». Люксембургтің Сыртқы істер министрі Жан Ассельборн Брюссельде өткен басқосуда осылай мәлімдеді.

Бір топ министр Африканың қауіпсіз мемлекеттеріне қаржылай көмек көрсетуді ұсынады. Сонда, олар Еуропадан кері қайтарылған өз азаматтарына қолайлы жағдай жасайды деген сенімде. Өзге министрлер болса, қай елде тұрғысы келетінін келімсектердің өзі таңдамай, оларды одақтың ортақ тұжырымдамасына сәйкес орналастыру қажет деген пікірде.

Алайда, одақ елдерінің көбісі босқындарды қабылдауға құлықсыз.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу