Қазақстан мен Еуропалық Одақ барлық сала бойынша ынтымақтастықты арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуропалық Одақ барлық сала бойынша ынтымақтастықты арттырады

16.05.2023

Қазақстан мен Еуропалық Одақ барлық сала бойынша ынтымақтың көкжиегін кеңейтуге ниетті. Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге сапары кезінде Еуропалық Одақтың жоғары лауазымды өкілдерімен осы мақсатта келіссөздер жүргізді. Минист Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельмен кездесуде энергетика, көлік, логистика, цифрландыру, азаматтық авиация және сирек кездесетін шикізат материалдарын бірігіп өндіру жайын талқылады. Вице-премьер батыстың көрші елге салған санкциясының қазақ экономикасына кері әсері тимеуін және қазақстандықтарға визалық рәсімді жеңілдету мәселесін де көтерді. Елдегі саяси ахуалды жіті бақылап отырған Еуропалық Одақ өкілдері «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған реформаларға қолдау білдіруге дайын екендерін жеткізді. Министр өзара достықты нығайтуға қосқан үлестері үшін ЕуроОдақтың жоғары лауазымды тұлғаларына бірінші және екінші дәрежелі мемлекеттік «Достық» орденін табыс етті. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу