234 мигрант мінген кеме тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

234 мигрант мінген кеме тоқтады

28.06.2018

Мальта жағалауына теңізде құтқарылған 234 мигрант мінген гуманитарлық кеме тоқтады. Аралдық мемлекет билігі Еуропалық Одақ елдерін оларды бірлесе қабылдауға үндеп отыр. 

Босқындар бір апта бойы кеме бортында болған. Өйткені, Италия оларды өз порттарына кіргізуге рұқсат бермеді.

Айта кетсек, осы айда елдің жаңа ішкі істер министрі иммигранттарға қатысты тәртіпті қатаңдатып жіберді. Ол ережеге сай, Италияға босқындарды құтқару кемелерін кіргізуге тыйым салынып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу