Атышулы қылмыскер Ресейге жөнелтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атышулы қылмыскер Ресейге жөнелтіледі

25.06.2014
Атышулы қылмыскер Ресейге жөнелтіледі
Таиланд полициясы 90-шы жылдары Ресейді шулатқан әйгілі қылмыскерді қолға түсірді. Бұл азаматты осы күнге дейін «Интерпол» да іздеуді тоқтатқан жоқ.
 
Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, Александр Матусов Бангкоктың шығысындағы Чонбури провинциясында тұтқындалған.
 
Тергеушілердің мәліметіне жүгінсек, Матусовтың «Шелково» деген мафиялық ұйымы 1996 жылы Мәскеу облысында 4 саудагерді өлтіріп, 2008 жылға дейін 60-қа жуық адамның өмірін қиыпты.
 
Матусов Таиланд пен оның маңындағы елдер арасында бірнеше жалған төлқұжатпен қатынаған. Бүгін тай үкіметі қылмыскерді Ресейге экстрадициялауға дайындалып жатыр. 
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу