Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Испаниядан экстрадицияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Испаниядан экстрадицияланды

14.04.2014
Халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер Испаниядан экстрадицияланды
2004 жылы адам өлтірген қылмыскер Испаниядан елге әкелінді. Халықаралық іздеу жарияланғанКелес Мәмбетов  шетелде жалған құжаттармен бой тасалап жүрген.
 
Ол 2007 жылы Испанияда қылмыс жасап, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
 
Ал, 2011 жылы қылмыскер еліміздегі сот үкімімен 14 жылға сотталды. Мәмбетов Испаниядағы жазасын өтеп бітті, енді Қазақстанда жасаған қылмысы үшін жазасын өтеу үшін елге әкелінді.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу