Қылмыскер 20 жылдан кейін қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыскер 20 жылдан кейін қолға түсті

21.07.2014
Қылмыскер 20 жылдан кейін қолға түсті

Оралдық полицейлер адам өлтіріп, 20 жыл бойы жасырынған қандықол қылмыскерді ұстады. 1994 жылы әйелге шабуыл жасаған қарақшы жәбірленушіге бірнеше жерден пышақ салып, буындырып өлтірген. Кейін Ресейге қашып кетеді.

Осыншама жылдан соң сақшылар күдіктінің жақын танысының Оралға келгенін анықтайды. Оны сырттай бақылауға алады. Ал, байланысқа шыққан бойда қылмыскердің Санкт-Петербург қаласында жасырынғанын анықтайды. Дереу аттанған жедел топ, ресейлік әріптестермен бірлесе отырып, күдіктіні қолға түсірді.

Асылай Ғұбашева, облыстық ІІД баспасөз қызметкері:

Қазіргі таңда БҚО ІІД прокуратурамен бірлесе отырып, оны елге экстрадициялау үшін Ресейге қажетті құжаттар мен материалдар жолдады. Ағымдағы жылы шілденің 14-18 күндері арасында өткен «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында сот үкімінен жалтарып жүрген 11 қылмыскер ұсталды.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу