Швецияның Тролльхеттан қаласындағы мектепке шабуыл жасаған қылмыскердің есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияның Тролльхеттан қаласындағы мектепке шабуыл жасаған қылмыскердің есімі белгілі болды

23.10.2015
Швецияның Тролльхеттан қаласындағы мектепке шабуыл жасаған қылмыскердің есімі белгілі болды
Ақпарат құралдары хабарлағандай, қылмыскер - жергілікті тұрғын 21 жастағы Антон Лундин Петерссон.

Қылмыскер қара бетперде киіп, қолына қылыш алып, дәріс кезінде оқу орнына басып кірген. Бірақ, оқушылар бұл әрекетті Хэллуинге дайындық деп ойлаған. Кейбіреулері, тіпті, «Жұлдыздар соғысы» фильмінің кейіпкеріне ұқсас костюмдегі жігітпен суретке түсіп те үлгірген.

Алайда, Петерссон айналадағыларды пышақтай бастаған. Соның салдарынан бір мұғалім мен бір оқушы қаза тапқан. Ал, полицейлердің қолынан жараланған қылмыскер ауруханада жан тапсырған.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу