Атакама шөлінде үлкен телескоп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атакама шөлінде үлкен телескоп салынады

20.06.2014
Атакама шөлінде үлкен телескоп салынады
Чилидің Атакама шөлінде әлемдегі ең үлкен телескоп салынады. Сол үшін биіктігі 3 мың метр тау шыңын жаруға тура келген. Жаңа нысан «Еуропаның тым үлкен телескопы» деп аталады.
 
Жоспар бойынша, оның құрылысы 10 жылдан кейін аяқталуы керек. Ал, кететін шығын көлемі 1 жарым миллиард долларға жуық.
 
Алып кешен футбол алаңының жартысындай айнамен жабдықталмақ. Оксфрод университеті ғалымдарының айтуынша, сол айнаның көмегімен әлі талай құпиясы ашылмаған ғарышқа тереңірек үңілуге мүмкіндік туады.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу