Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайында обсерватория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайында обсерватория ашылды

09.11.2015
Павлодар қаласындағы Оқушылар сарайында обсерватория ашылды
Шараға Айдын Айымбетов қатысты.

Жаңа нысан үш бөліктен тұрады. Обсерватория, планетарий және астрономиялық оқу блогы. Оны жабдықтауға қажетті 90 миллион теңге қаржыны жергілікті кәсіпорындар бөлді.

Ал, монтаждау жұмыстарын еуропалық мамандар атқарды. Бұл жерде оқушылар астрономия және астрофизика негіздерін тереңдеп оқып, түнгі уақытта телескоп арқылы аспан әлеміне барлау жасайды. Одан бөлек роботты техника үйірмесі ашылды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу