Ұлыбританиялық профессорлар K2-18b деген ғаламшардан су тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиялық профессорлар K2-18b деген ғаламшардан су тапты

12.09.2019

Астрономдар алғаш рет Күн жүйесінен тысқары планетаның атмосферасынан сұйық су тапты. Ол K2-18b деген ғаламшардан анықталды. Сонымен қатар, температурасы жағымды болғандықтан, мұнда тіршілік бар болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. 

Лондондағы унииверситеттік колледждің профессоры Джован Тинеттидің сөзінше, атмосферасының 50 пайызы судан тұратын бұл планетаның көлемі Жерден екі есе үлкен және де ондағы температура Цельси өлшемі бойынша нөлден 40 градусқа дейін жетеді. 

Күннің жарығы Жерге 7-8 минутта түссе, бұл планетаға 100 жылда барады екен. Сондықтан, ылғалды ғаламшарға әзірге зонд жіберу мүмкін болмай отыр. Дегенмен, ғалымдар келесі жыл жаңа космостық телескоп жасап, K2-18b атмосферасындағы газдың құрамын сараптап, онда тірі организмдердің бар-жоғына көз жеткізуден үмітті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу