Басты Жаңалықтар Афины орталығына мыңдаған зейнеткер жиналды

Афины орталығына мыңдаған зейнеткер жиналды

Афины орталығына мыңдаған зейнеткер жиналды
Грекия астанасы Афины орталығына 5 мыңнан астам зейнеткер жиналды. Оларды үкіметтің зейнетақыны тағы да қысқарту жоспары ашындырған. Айтуларынша, дағдарыс басталғалы олардың зейнетақысы 40-50 пайызға қысқарып, қариялар кедейшілік кебін киген.
 
Алайда, үкімет елді қаржылық қысылтаяңнан шығару үшін халықаралық кредиторлардың талабы бойынша бюджеттік шығындарды мейлінше азайтуға мәжбүр.
 
Арыстан РЫСБЕК
Бөлісу