Әлем лидерлері Нормандияға жиналуда
Мәртебелі меймандардың ішінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ, принц Чарльз, АҚШ президенті Барак Обама мен Кремль басшысы Владимир Путин бар.
1944 жылы 6-маусымда әйгілі теңіздік-десанттық операцияға қатысқан жауынгерлердің ең кішісі биыл 80 жасқа толды. Сондықтан, бүгінгі шара олардың көпшілігі үшін соңғы ірі мерейтой болуы мүмкін.
Мемлекет басшылары мен ардагерлер Уистрехам елді мекеніне жиналып, сол шайқастың қайта жасақталған үлгісін тамашалайды.
Айта кетсек, дәл осы маңдағы жағажайға осыдан 70 жыл бұрын одақтас елдердің мыңдаған десанты қонды.
Тарихи деректерге қарағанда, олардың саны 160 мыңға жуықтаған екен. Нормандия операциясының нәтижесінде Франция фашистік оккупациядан азат етіліп, арада 11 ай өткенде нацистік Германия біржола жеңіліске ұшырады.
Алайда, сауалнама қорытындыларына қарағанда, ресейліктердің көпшілігі екінші майданды одақтастар кеш ашты, деп есептейді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00