Сенат спикері Дариға Назарбаева Мамукой Бахтадземен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева Мамукой Бахтадземен кездесті

15.05.2019

Мәртебелі мейманмен Сенат спикері Дариға Назарбаева кездесті, ынтымақтастық  мәселелерін дамыту жайын талқылады. Грузия Премьер-министрі Мамукой Бахтадзе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі елдің арасындағы әріптестікті жандандыруға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

Ал Дариға Назарбаева көлік-транзит саласында өзара тиімді жұмыс істеп, мүмкіндікті пайдалануымыз қажет деді. Өйткені, екі мемлекет арқылы бірнеше трансконтинентальды коридор өтеді.

Грузия премьер-министрі мемлекетте қабылданған жаңа заң туралы баяндап, екі ілдің жоғары оқу орындарын тығыз жұмыс істеуге шақырды. Қос тарап туристік әлеуетті дамыту жолдарын  талқылап, гуманитарлық әріптестікті де назардан тыс қалдырмады.

Сондай-ақ, Жоғары палата спикері Кипр Сыртқы істер министрі Никосом Христодулидиспен кездесу өткізді. Онда да алыс, беріс, барыс , келіс мәселелері қаралды.  Қазақстан мен Кипрдың көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге көзқарасы жақын.

Сапар аясында қол қойылған үкіметаралық құжаттар екі елдің  іскерлік ортасын жақындастыруға мүмкіндік беретініне сенім мол .Сауда-экономикалық мәселелерді талқылай келе, Дариға Назарбаева  Кипр тарапын біздің елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу