Сенат спикері Дариға Назарбаева елорданың мәслихат депутаттарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева елорданың мәслихат депутаттарымен кездесті

26.04.2019

«Біздің мақсатымыз ортақ – азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру. Адамдар жақсы жаңалықтар мен өзгерістерді күтеді». Осылай деген Сенат спикері Дариға Назарбаева елордада өткен кездесуде мәслихат депутаттарының алдында осындай міндеттер қойды. Сенат басшысы маңызды мемлекеттік бағдарламаларды халық арасына жеткізу мен хабардар ету жұмыстарының нашар екенін атап өтті.

Дариға Назарбаеваның пікірінше, бұл жергілікті әлеуметтік қызметтердің жұмысындағы олқылықтар. Ол халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін бюджеттік тұрғын үй мен жатақхана салуға кәсіпкерлерді тартуды ұсынды. Жоғарғы палатаның басшысы мәслихат депутаттарын заң жобаларын әзірлеуге белсенді қатысуға, оларды іске асыру кезеңінде өз ескертулері мен ұсыныстарын шақырды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу