Сенат төрағасы Д.Назарбаева Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Д.Назарбаева Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

01.11.2019

Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодарға барды. Іс-сапар барысында Сенат төрағасы облыстық, қалалық мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Бұдан кейін Дариға Назарбаева оқушылар сарайындағы бірқатар заманауи құрылғылармен жабдықталған кабинеттерді аралады. Бұл тізімге ІТ технология, робототехника, жас тілшілер клубын жатқызуға болады. Мәртебелі мейманға өздігінен бірнеше қызметтерді атқаратын робот таныстырылды. Сонымен қатар сенат спикері «Жас ұлан» сарбаздарының салтанатты ант қабылдау рәсіміне қатысты. Ертіс-Баян өңіріне іс-сапары Сұлтанмахмұт Торайғыров университетінде жалғасып, «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымының жабылу рәсіміне қатысты.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Ал енді осындай жұмыстарды әрбір жерде, түкпір-түкпірлерде одан әрі қарай жалғастырып, басқа жастарға да бірталай сабақ беріп, үйрету керек осындай жұмыстарға кірісу керектігін. Өйткені енді елді жасылдандыру ол да патриоттық сезімнің бірі.

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу