Сенат спикері Дариға Назарбаева бақылаушымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат спикері Дариға Назарбаева бақылаушымен кездесті

10.06.2019

Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінен келген  бақылаушы Кент Харстедпен кездесті. Сенат басшысы Президенттің кезектен тыс сайлауына байқаушы ретінде қатысқаны үшін алғыс білдірді. Халықаралық байқаушы сайлау науқаны ашық өткенін және сайлауға мониторинг жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Кездесуде тараптар түрлі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейтініне тоқталды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу