Қарағанды облысында «Құтты мекен» жобасы аясында инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мықтап қолға алынды. Жоба бойынша салынып жатқан нысандардың құрылысы да, оған бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуі де «Nur Otan»-ның назарында болады. Бүгін депутаттық фракция мен партия комиссиясының мүшелері облыс орталығындағы 30-шы ықшам ауданындағы жаңа мектептің құрылысымен танысты. Білім ғимараты 1200 орынға есептелген.
Қазір құрылыс басында 150 адам еңбек етуде. Жұмыс кестеге сай қызу жүріп жатыр. 2017 жылдың желтоқсанында басталған құрылыс биыл жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы, «Құтты мекен» жобасы аясында облыстағы 9 қала мен 9 ауданда бірқатар құрылыс қолға алынған.
Алмас Тәжіғұлов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бақылаушы инспекторы:
- Депутаттық фракция және партиялық бақылау комиссиясы осы «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында салынып жатқан 1200 орындық мектепке келіп отыр. Бұл нысанның аяқталу мерзімі - 2019 жылдың желтоқсан айы.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ