Басты Жаңалықтар Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды

Астанада Ұлттық ұланның патрульдік бекеттері ашылды

Елордада Республика күні қарсаңында Ұлттық ұлан сарбаздарына арналған жаңа патрульдік бекеттер ашылды. Бұл – ел тыныштығын күндіз-түні күзететін әскери қызметшілерге жасалған маңызды тарту. Енді сарбаздар қызмет арасында жылы жерде тынығып, күш жинай алады. Жаңа бекеттерде ас ішуге, жуынатын және демалуға арналған арнайы бөлмелер бар. Бұл әсіресе Астананың аязды, желді күндері патрульде жүрген сарбаздар үшін аса маңызды. Өйткені олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қоғамдық тәртіпті күзетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ұлттық ұланның күнделікті міндеті – қала тыныштығын сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бөлісу