Басты Жаңалықтар Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр

Қызылордада «Green Aral» апталығы өтіп жатыр

Қызылордада «Green Aral» халықаралық волонтерлар апталығы өтіп жатыр. Сыр өңіріне елімізден және Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттерінен барлығы 600-ге жуық ерікті жиылды.

Бұл Арал өңірінің тағдырына ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды бастама. Бүгінде экологиялық апат аймағы ғаламдық өзекті мәселеге айналып, әлем назарын аударып отыр. Бір апталық іс-шаралар жоспарында волонтерлар облыс төңірегін аралап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды насихаттамақ. Сондай-ақ ерікті жастар Арал теңізінің құрғаған табанына барып, мыңдаған түп сексеуіл көшеттерін егеді.

Тоғжан Зейденова, Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары:

Форум аясында ел өңірлерінен және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген волонтерлар өзара тәжірибе алмасып, әріптестік орнатып және әрі қарай игі бастамаларға бастау алады деген ойдамыз.

Бөлісу