Алматыда ЖИ-ді дамытатын 2 ірі орталық ашылады
Алматыда жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық ашылады. Біріншісі – Almaty AI Hub. Мұнда IT-компаниялар мен стартаптарға арналған 556 жұмыс орны ашылып, жасанды интеллект мектебі мен робототехника орталығы жұмыс істейді. Ал Almaty AI Park зертханалар, кеңселер, бизнес-инкубатор және университет орналасатын инновациялық орталық болмақ. Екі жоба да жас мамандардың жаңа технологияларды меңгеріп, өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Almaty AI Hub биыл желтоқсанда ашылады деп жоспарланған. Ал Almaty AI Park құрылысы 2028 жылдың соңында толық аяқталуы тиіс.
Дарина Мамырова, жоба жетекшісі:
Ол жерде кеңселер мен зертханалар және университет болады және ол жерде ЖИ саласындағы шетелдік компаниялар да орналасады. Әрине бізге университеттермен бірге жұмыс істеу өте маңызды. Біз үшін студенттер мен жас ғалымдар өте маңызды. Оларды инфрақұрылысты пайдаланып, өз жаңа жобаларды және жаңа шешімдерді орындауға шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы