Ақтауда салынған жедел жәрдем станциясы сапалы қызмет көрсетуде
Ақтауда Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа ғимаратта жұмыс істеп жатыр.
Нысан қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған. Жоба бірегейлігі мен заманауи мүмкіндіктері жағынан Астана қаласынан кейінгі елдегі екінші ірі орталық болып саналады. Мұнда диспетчерлік қызмет, жедел жәрдем бригадалары, медициналық жабдықтар мен оқу-жаттығу орталығы бір жерге шоғырланған. Бұл мамандардың жұмысын үйлестіріп, тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге қолайлы жағдай туғызуда. Жауын-шашынды күндері де қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Мамандар көліктеріне жылы жерден кіріп-шыға алады. Қазір Ақтауда 25 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Ал облыс бойынша олардың саны 70-ке жеткен.
Гүлдариғаш Ботағарина, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының бас фельдшері:
Осыған дейін біздерде ғимаратымыз кішігірім, подстанциямыз бөлек болды. Мынау бірінші жедел-жәрдем тарихындағы бірінші ғимарат 4 этажды. Бұл ғимаратта диспетчерлер орналасқан, линиялық бригадаларымыз да, апараттарымыз да, дәрі-дәрмектеріміз де, стимуляциялық орталық та, конференция зал барлығы бір жерде жинастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы