Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
ҚР Президентінің Жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қысқаша анықтама:
Дархан Аманұлы 1972 жылы 10 қазанда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған. 2018 жылы 4 сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып қызмет етті.
Соңғы тағайындалуға дейін ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы