Биыл 23 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалу барысымен танысады.
- Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. А. Мамин көру алаңына барды, онда Қорғас өзенінде селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді.
- Премьер-Министр Қазақстан–Қытай шекарасында елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға, ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.
- Бұдан өзге, А. Маминге жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысының негізгі көрсеткіштері және жаңа нысандардың жобалары таныстырылды: терминал складских помещений «KIF Warehouses -» қойма орындарының терминалы, «Феникс Фид Миллс» құрама жем шығаратын зауыт, «Заря Ltd» астық терминалы.
- Сонымен қатар, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен ХШЫО аумағында орналасқан қазақстандық сауда нысандарына барды. Премьер-Министрге сонымен қатар ХШЫО аумағындағы келушілерді, тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі таныстырлды, жоба кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
- Талдықорған қаласының Асқар Мамин азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік нысандарды аралады және өңірде индустрияландырудың дамуымен танысты.
- Салынып жатқан тұрғын үй алабын аралау кезінде Премьер-Министр өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Осында Премьер-Министрге қаланы абаттандыру жоспары ұсынылып, құрылыс барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, өңірлік және қалалық газдандыру сұлбаларын іске асыру мәселелері қаралды.
- Өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралармен А. Мамин көпбейінді аурухана жұмысының мысалында танысты. Магнитті-резонансты томография кабинеті мен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа ахуал орталығы қаралды.
- Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Премьер-Министрге сонымен қатар Алматы облысында алты индустриялық аймақтың («Талдықорған», «Береке», «Боролдай», «Қайрат», «Арна» және «Қазбек бек») даму жобалары таныстырылды.
- Индустрияландырудың дамуымен танысу «Қайнар АКБ» аккумулятор шығару зауытында жалғасты. А. Мамин жұмыс цехтарын аралау кезінде технологиялық процеспен және шығарылатын өнім желісімен танысты.
- Жұмыс сапарының соңында А. Мамин Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар таныстырылды.
primeminister.kz