Қазақстан мен Ресейдің арасындағы тауар айналымы 17,6 млрд долларға жеткен. Ал екі елдің ынтымақтастығын дамыту үшін 50-ден астам құжат ратификацияланды. Бүгін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин КосАчев пен Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор БОндарев бастаған делегацияны қабылдады.
Қазақстан мен Ресейдің қатынасы, парламентаралық байланысты нығайта түсу жолдарын қарастырды. Екі елдің жоғары заң шығарушы органдары экономика, сауда, жалпы барлық салада жоғары әріптестікті жандандыруға мүдделі. Еуразиялық Экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы ірі халықаралық ұйымдардың шеңберінде де ортақ жетістікке жету жоспары бар.
Индира БЕГАЙДАР