Жаңа міндеттер заңмен нақтыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа міндеттер заңмен нақтыланады

05.03.2019

Елбасының жаңа Үкімет құрамына қойған міндеттері заңдармен нақтыланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Алматы облысына барған сапарында мәлімдеді. Вице-спикер өңірдің судьяларымен, басқа да құзырлы орган басшыларымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының съезінде көтерген мәселелерін талқылады.

Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Кездесу барысында Бектас Бекназаров сот жүйесіндегі ізгілендіру мәселелеріне де тоқталды.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Біздің алдымызда қазір үлкен міндеттер тұр. Парламент Сенаты қысқа уақытта осы өзгерістерді заңға енгізуіміз қажет. Ал, ол үшін халықтың пікірін білу біз үшін өте маңызды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу