«Nur Otan» партиясына мүшелікке қабылдау шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясына мүшелікке қабылдау шарасы өтті

01.03.2019

Алғыс айту күні республика бойынша «Nur Otan» партиясының қатары толықты. Партияның орталық аппаратында 20 адам мүшелікке өтті. Олардың сапында шығармашылық тұлғалар, өнер иелері, кәсіпкерлер мен журналистер де бар. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қоғамдық шаралардың бел ортасында жүрген жандарға сәттілік тілеп, партия билетін салтанатты түрде табыстады. Бәрі бірауыздан мемлекеттің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

20 жылда партияның 248 филиалы ашылды. 6 мың бастауыш партия ұйымы бар. Ал, қатарына 1 млн-ға жуық адамды қосты. Әлі де мүшелікке өтуде. Сан-саланың маманы. Көптің бірі емес, еңбегі сіңген, есімдері елге мәлім жандар. Әрқайсысы құзыретіне қарай қызмет етпек.

20 азамат партия билеттерін ғана алған жоқ. Мойындарына зор жауапкершілік жүктеді. Олардың бүгінде көңіл бөлетін ең әуелгі мәселесі – әлеуметтік саланы сауықтыру. «Елбасы тапсырған кешенді бағдарламаларды бел шешіп кірісуге әзірміз»,-дейді.

Бүгін - Алғыс айту және бір жағынан партия күні. Себебі осыдан 20 жыл бұрын 1 наурызда бірлестіктің алғашқы съезі өткен. Содан бері ерекше аталып өтеді. Яғни, «нұротандықтар» үшін қос мейрам қатар келді. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев көпшілікті мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, негізгі міндеттерді де ұмытпады.

Мәулен Әшімбаев, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Қазіргі таңда ҚР Президенті еліміздің алдына бұрынғыдан да үлкен стратегиялық мақсаттарды қойып отыр. Ол - елімізді жүйелі түрде жаңғырту, 30 дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу.

«Нұротандықтар» 20 жылда 1 млн 600 мың адамның арыз-шағымын қабылдапты. Енді тіптен жұртшылықпен етене араласатын болады. Партия «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» және «Халыққа көмек» атты жобаларын жүзеге асырады. «Бірыңғай әлеуметтік терезелер» ашып, жедел әрі нақты көмек көрсетуді қолға алды.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу