Басты Жаңалықтар Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды (ВИДЕО)

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды (ВИДЕО)

Түркістан облысының әкімі ауысты. Енді оңтүстік өңірді Өмірзақ Шөкеев басқарады. Осыған дейін ол Ауыл шаруашылығы министрі және Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқарған болатын.

53 жастағы Өмірзақ Естайұлы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап, Президент аппаратында, министрлер кабинеті, Премьер-Министрдің орынбасары қызметтерін абыройлы атқарған. Сонымен қатар, әр жылдары Экономика министрі, Экономика және сауда министрі, «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімі болды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын да басқарды.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу