Қазақстан Беларусьпен бірлесіп, қарудың жаңа түрлерін шығармақ. Сенаттың жалпы отырысында екі елдің арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы заңы қабылданды.
Келісімнің негізгі мақсаты - екі елдің қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсете отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. Оны ратификациялау - экспорттау және импорттау операциялары кезінде туындайтын негізгі әкімшілік кедергілерді шешуге ықпал етеді. Бұл тұрғыда әкелінетін әскери өнімді лицензиялаудан босатады және оларды жеткізу мерзімдерін қысқартады.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.