Астанада бастауыш партия ұйымының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бастауыш партия ұйымының отырысы өтті

28.01.2019

Ақпанда «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді. Соған орай Астанадағы бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Жиында күн тәртібіне шыққан үш тақырып бар. Алдымен партияның 20 жылдығы. Яғни, жасампаздыққа және әлеуметтік дамуға толы ширек ғасырға жуық уақытты қорытындылау. Сондай-ақ, еліміздің 2030 жылға дейін еңсеруі тиіс белестері жөнінде сөз қозғалды. Нақты жобалар талқыланды. Тағы конференцияға қатысатын делегаттар сайланды. «Нұр Отан» - бүкіл өңірде, оның ішінде елді мекендер де бастауыш партия ұйымы бар жалғыз партия. Олардың саны 6 мыңға жеткен.

Мұхтар Еркетаев, «Нұр Отан» партиясының ардагері:

- Әрбір бастауыш партия ұйымдарына жиналыс өткізген кезінде қандай нәтижеге жетіп жатырмыз? Ал, қандай жетістіктер болмай жатыр? Соған не істеу керек? Соған ұсыныс жеткізеді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу