Былтыр тамызда Ақтау қаласында өткен саммитте теңіз айналасындағы бес мемлекеттің Президенттері жаңа конвенцияға қол қойған еді. Енді 5 ел үшін құжатты ратификациялау міндеті тұр. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша мәселелер мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу, күш қолданбау, ынтымақтастық, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау секілді қағидалар негізінде жүзеге асыралады. Каспий теңізінің акваториясы негізінде ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулау аймақтары және ортақ су кеңістігі белгіленді.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Тарихи құжатқа қол қойылды. Сыртқы саясатта көп жылдар бойы жүргізілген келіссөздер нәтижесінде тиісті жетістікке қол жеткіздік. Біздің дипломаттар мен Үкімет көп жұмыс істеді. Сондықтан конвенцияға қол қойылу оқиғасы - тек біздің ғана емес, Каспий маңындағы бес елдің де жеңісі.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.