Сенат жылды қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жылды қорытындылады

27.12.2018

2018 жылы Сенат өте белсенді жұмыс істеді. Осылай деген жоғары палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  осы жылғы жұмысты қорытындылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгінде  мемлекеттік биліктің барлық тармақтары Президенттің әлеуметтік бастамаларын  белсенді түрде іске асыруда. Жолдауға сәйкес, ең алдымен,  қазақстандықтардың кіріс деңгейін арттыру шаралары  қолға алынды. Ең төмен жалақы артады, зейнетақы мөлшері көбейеді, коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетіледі. Осы жылы Каспийдің құқықтық мәртебесі бойынша  5 мемлекет  20 жылдық келіссөздердің нәтижесінде  арнайы конвенцияға қол қойды. Сенат  Елбасы ұсынған реформаларды  заңнамалық жағынан қамтамасыз ету бойынша  ауқымды жұмыстарды атқарды. Жалпы, биыл Парламент 80 заң қабылдады. Оның  30-ға жуығы Президенттің нақты тапсырмаларын орындауға бағытталды. Сенаторлар  заң жобаларының басым көпшілігін қысқа мерзімде  жан-жақты мұқият қарастырып, көптеген маңызды түзетулер енгізгенін  атап өту қажет.

Сенат депутаттары қоғамымыздағы ең өзекті мәселелер бойынша Үкіметке 100-ден аса депутаттық сауал жолдаған.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу