Еңбек кодексін жетілдіру түйткілдердің алдын алады
Елімізде еңбек қатынастарын реттеу үшін Еңбек кодексін жетілдіру қажет. Қарағандыда өткен «Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» тақырыбындағы конференцияда ғалымдар осындай пікір білдірді. Заңгерлер сол арқылы ұжымдық даулардың алдын алу, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында келіссөздер жүргізу, жалақы төленбеуі сынды бірқатар түйткілдердің алдын алуға болатынын айтады. Бұл – дамыған озық елдердің қатарына ұмтылған Қазақстан үшін маңызды.
Еліміз халықаралық ұйымға мүше ретінде өзге елдердің де тиімді заң тетіктерін ескере отырып, өз кодексін барынша жетілдіруі керек. Конференцияға қатысушы шетелдік ғалымдар да қазақстандық заңгерлердің бұл ойын бірауыздан мақұлдады.
Еңлік Нұрғалиева, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заңгер:
Заң жетілдірілуі керек. Тек қана өз бетінше жетілдіру емес, халықаралық стандартқа сай болуы қажет. Қазақстан халықаралық еңбек ұйымының мүшесі. Мүше болғаннан кейін, біз оның берген құжаттарына қол қойып, ары қарай жетілдіреміз деп құптап отырмыз.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы