Ол үшін халықаралық құқықтық нормалар ұлттық заңнамаға енгізілуі тиіс. Саланың осы және өзге де өзекті тұстары Сыртқы істер министрлігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Бүгін БҰҰ Бас ассамблеясының адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына - 70 жыл.
Осыған орай, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, министрлер мен Парламент депутаттары және Қазақстандағы барлық елшіліктердің өкілдерімен бірге тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек және азаматтық құқықтарын нығайту жолдарын талқылады.
Қуаныш Сұлтанов, Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы:
Қазір азаматтардың құқықтары қорғалып жатыр. Мысалы әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдар. Солардың ішіндегі мүгедектердің құқығын қорғау, түзету орындарындағы азаматтардың да құқықын қорғау қамтамасыз етіледі. Осы тұрғыда конференцияда келелі ойлар айтылды.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.