Францияда «Жібек жолы-2018» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда «Жібек жолы-2018» форумы өтті

10.12.2018

«Бір белдеу - бір жол»: жаһандық тұрақты дамуға жәрдемдесу» тақырыбына арналған әлемдік жиында қатысушылар экономика мен ғылыми-техникалық революцияның тұрақты дамуын талқылады.  Қазақстан Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары Елбасының ой-тұжырымдарын шетелдік аудиторияға жеткізді.

Жаһанның сақа саясаткерлері бас қосқан алқалы жиын бұған дейін Стамбул, Мадрид және Варшавада өткен еді.  Осы жылдар бойы форумға үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, талдау орталықтарының, академиялық мекемелердің және трансұлттық компаниялардың жүздеген өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылаған. Ұйымдастырушылар Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің «Даму» зерттеу орталығы мен Біріккен Ұлтттар Ұйымы.

Өзінің CCTV-ге берген сұхбатында Қазақ Президенті Қытаймен  ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта келе, баламалы энергия көздерін бірлесіп игерудің зор әлеуетін көретінін және осы орайда Қытай елінің  технологиялары мен тәжірибесі Қазақстанға пайдалы болатынын атап өткен еді.

Жұмабек Сарабеков, ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты - әлемдік экономикада туындап отырған күрделі жағдайға бірлесіп жауап беру, шешім ойлап табу. Сауда соғыстары мен шектеулер ұлғая беретін болса, ертеңгі күні әлемдік экономиканың дамуы үлкен сұрақтың астында қалады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу