Қазақстандықтар Жоғарғы Сотпен бейнебайланысқа шыға алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Жоғарғы Сотпен бейнебайланысқа шыға алады

07.12.2018

Астанадан жырақта тұратын азаматтар Жоғарғы Сотпен бейнебайланысқа шыға алады. Бүгіннен бастап құзырлы органда жеке қабылдаудың түбегейлі өзгертілген жаңа тәртібі енгізілді. Енді қабылдау демалыс пен мереке күндерінен бөлек, күн сайын өткізіліп тұрады. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлме бөлінген. Себебі, шағымданушылар қатары көп.

Жылына 2 мыңға жуық адам Жоғарғы Соттағы лауазымды мамандармен жолығып, мәселесін жеткізгісі келеді. Енді жаңа жүйеге сәйкес, күн сайын 30 азаматқа дейін қабылданады. Мұның бәрі соттың сайтында көрсетілген. Яғни, алдын ала жазылып, өтініш қалдыруға болады. Ал, қарауға жатпайтын арыздар бойынша сайтта автоматты түрде түсініктеме беріледі. 

Нұрсерік Шәріпов, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- Жоғарғы Соттың төрағасы айына бір мәрте, алқа төрағалары мен департамент басшысы және сот жюриі мен соттар әдебі жөніндегі комиссияның төрағалары ай сайын қабылдайды. Төрағаның кеңесшілері, меңгерушілері апта сайын қабылдайды. Ал, Жоғарғы Соттың судьялары өз еркі бойынша күнделікті қабылдайды. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу