Астана процесінің 11-раунды өтір жатыр. Санаулы сәттен соң, Сирия мәселесі бойынша жұмыс тобының VI отырысы басталады. Онда қандай тақырыптар талқыланады, нендей мәселеге мән беріледі?
Досымжан Ермұрат, тілші:
Астана Сириядағы шиеленістерді шешу үшін осымен 11-ші рет алаң ұсынып отыр. Елорда төріне келген кепіл және бақылаушы мемлекеттер Идлибтағы ахуалға алаңдаулы. Себебі, аталған аймақта әлі де 15 мыңнан астам содыр жүр. Кепіл елдер: Ресей, Түркия, Иран мемлекеттері аталған аумақты содырлардан азат ету жолдарын 6-шы жұмыс отырысында талқылайтын болады.
Сонымен қатар, босқындар жайы да қаралады. Сондай-ақ, мәйіттерді қайтару, Сирияға гуманитарлық көмек көрсету мәселелері де талқыланады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.