Сртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін Сирия делегациясын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін Сирия делегациясын қабылдады

29.11.2018

Астана процесі 11-ші раундының алғашқы күні аяқталды. Бүгін күні бойы Сирия мәселесі бойынша қатысушылардың жабық жағдайдағы екіжақты кездесулері өтті. Алаң ұсынушы мемлекет ретінде еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия делегациясын қабылдап, аймақтағы ахуалды талқылады.

Бірінші кезекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және гуманитарлық салада қолға алу керек шаралар сөз болды. Ал, ертең өтетін жұмыс тобының алтыншы отырысында тұтқынға алынғандарды босату, қайтыс болғандардың мәйітін қайтару және із-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру мәселесі қаралады. Сондай-ақ, Идлиб провинциясындағы ахуал талқыланып, босқындардың оралуына жағдай жасау жайы талқыға түспек.

Айдарбек Тұматов, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры:

- Сирия бойынша кездесуге қатысушылардың барлығы Астанаға келді. Қазір кепіл мемлекеттер Ресей, Түркия, Иранның ресми делегациясы Сирия үкіметі және қарулы оппазициясының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізуде. Ал, жұмыс тобының отырысына БҰҰ-ның Сирия бойынша Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасынан және Қызыл крест Халықаралық комитетінен байқаушылар қатысады. Маңызды мәмілелер мен келелі келісімдер күтеміз.  

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу