Астана процесінің 11 раунды басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана процесінің 11 раунды басталды

28.11.2018

Астана процесінің 11-ші раунды басталды. Қазір Сирия мәселесі бойынша қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде. Осының аясында еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия делегациясын қабылдап, өзара пікір алмасты. Негізгі іс-шаралар түстен кейін басталып, ертең 14:00-де аяқталады. Жалпы, екі күн бойы Идлиб провинциясындағы ахуал талқыланып, босқындардың оралуына жағдай жасау мәселесі қаралады. Ал, жұмыс тобының алтыншы отырысында тұтқынға алынғандарды босату, қайтыс болғандардың мәйітін қайтару және іс-түзсіз жоғалып кеткендерді іздестіру мәселесі сөз болады.

Айдарбек Тұматов, ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры:

- Сирия бойынша кездесуге қатысушылардың барлығы Астанаға келді. Қазір кепіл мемлекеттер Ресей, Түркия, Иранның ресми делегациясы Сирия үкіметі және қарулы оппазициясының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізуде. Ал, жұмыс тобының отырысына БҰҰ-ның Сирия бойынша Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан және «Қызыл крест» Халықаралық комитетінен байқаушылар қатысады. Маңызды мәмілелер мен келелі келісімдер күтеміз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу