Басты Жаңалықтар Қазақстанда тілдерді оқытуға арналған мемлекеттік орталықтар аз

Қазақстанда тілдерді оқытуға арналған мемлекеттік орталықтар аз

Еліміздің бірқатар өңірінде тілдерді оқытуға арналған мемлекеттік орталықтар мүлдем жоқ. Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында бірде-бір мемлекеттік мекеме жоқ. Ал, кейбір облыстарда бір ғана орталықтан бар. Латын әліпбиіне көшу барысында мұндай орталықтардың әлеуетін арттыру - аса маңызды. Бұл туралы Үкімет отырысында талқыланды.

Жалпы, елімізде мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 93 пайызға жетті. «Тілдерді дамытудың алдағы 5 жылына арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.   

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу