Қазақ-өзбек парламентаралық ынтымақтастығының жаңа кезеңі басталады
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин және елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Өзбекстанның Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстан-Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастығының жаңа кезеңін ашады. Тараптар соңғы екі жылда екі елдің қарым-қатынасының қарқынды өсуін атап өтті. Екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевтің арасында қол жеткізілген уағдаластықтар - тату көршілік және өзара түсіністік негізінде дамып келе жатқан ынтымақтастықтың үлгісін толық көрсетіп отыр. Қол қойған меморандумға сәйкес, тараптар өздерінің құзыреті шегінде екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық базасын кеңейтуге, мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттардың мерзімінен бұрын ратификациялауына және күшіне енуіне ықпал етеді.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы