Басты Жаңалықтар Жайық өзені бойындағы Атырау облысына қарасты 3 мың гектар орман алқабы кеуіп қалған

Жайық өзені бойындағы Атырау облысына қарасты 3 мың гектар орман алқабы кеуіп қалған

Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты. Қазіргі уақытта өзен жағасындағы жағдай мәз емес. Басты себеп - су мөлшерінің азаюы мен рұқсат берілмеген жерлерде мал жаю.

«Біз арнайы қорық ашуымыз керек. Оның жұмысы осы кеуіп қалған орман алқаптарын сақтап, жандандыруға бағытталады» - деді вице-министр. Ормандарды қалпына келтіру аса қиынға соқпайды. Тек, жұмысты дер кезінде қолға алу керек. Бұл мәселе 2015 жылы да көтеріліп, қор құру туралы ұсыныс айтылған еді. Бірақ, ел Үкіметі оны қолдағанмен, Ресей жағы бұл бағытта ешқандай жұмыс жүргізбеді.

 

Индира БЕГАЙДАР

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу