Басты Жаңалықтар Осы аптада Қазақстанға Словакия премьер-министрі Петер Пеллегрини ресми сапармен келеді

Осы аптада Қазақстанға Словакия премьер-министрі Петер Пеллегрини ресми сапармен келеді

Бұл екі ел тарихындағы үкімет деңгейіндегі алғашқы сапар болмақ. Ол жайлы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Астана мен Братислава арасындағы алыс-беріс, саяси қарым-қатынас жаман емес. Екі ел арасындағы сауда айналымы биыл 8 айда 33 миллион АҚШ долларынан асқан. Сапар аясында, Словакия үкімет басшысы Астанада бірқатар маңызды кездесулер өткізеді. 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Сапар аясында Петер Пеллегринидің Қазақстан Президентімен және Премьер-Министрімен кездесулері және Қазақстан-Словакия бизнес форумына қатысуы жоспарлануда. Словакия Қазақстанды Орталық Азияда алдыңғы қатардан орын алатын, экономикасы серпінді дамыған және маңызды әріптес ретінде қарастыратынын атап өтеміз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу