Басты Жаңалықтар Қазақстан Корей түбегіндегі ахуалға байланысты ядролық қарусызданудың жол картасын жасауды ұсынды

Қазақстан Корей түбегіндегі ахуалға байланысты ядролық қарусызданудың жол картасын жасауды ұсынды

Бұл туралы Астанада өткен халықаралық жиында Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасы Талғат Жұмағұлов айтты. Шығыс Азияны жаппай қырып-жою қаруларынан азат етуге біздің елдің тәжірибесі үлкен көмек болады. Сол себепті, қазір Қазақстан мен Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрліктері өзара кеңес өткізуге келісті. Пхеньян бұл кеңестен барынша оң нәтиже шығаруға дайын. Дипломаттар екі ел арасындағы келіссөз оңай болмайды дейді. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды жаңа деңгейге шығаруға үмітті. Өйткені, түбектегі ахуалдың жақсаруы тек сол аймаққа ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды.  

Талғат Жұмағұлов, ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы:

- Солтүстік Кореяға техникалық консультацияларды беруге әрқашанда дайынбыз. Сондай-ақ, бұл мәселелер Нью-Йорктегі Бас ассамблеяның дебаттары кезінде және Қайрат Әбдірахманов пен Солтүстік Корея министрінің кездесуі кезінде де айтылды.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу