Қ.Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының делегациясын қабылдады

12.09.2018

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Халықтық саяси-консультациялық кеңесінің Төрағасы Нұрлан Әбдімәжин бастаған делегацияны қабылдады. Тараптар «Бір белдеу, бір жол» жаһандық жобасының құрамдас бөлігіне айналған Қытайдың «Жібек жолы -  экономикалық белдеуі» стратегиясы аясындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Тоқаевтың пікірінше, бұл бастама табысты іске асқанда екіжақты ынтымақтастыққа күшті серпін беріп, жаһандық экономиканы баяу қалыптан орнықты даму жолына шығаруға ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ, тараптар саяси үнқатысудың маңызды бөлігі саналатын парламентаралық байланыстарға қарқын беруге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Бүкілқытай жиналысының тұрақты комитеті Төрағасының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары арадағы ынтымақтастыққа елеулі серпін беретіні айтылды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу