Маңғыстауда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы қабылданған құжат зор маңызға ие
Каспий саммитінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның маңыздылығын түсіндірді. Құжатта Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айырықша назар аударылған.
Сонымен бірге, тараптар өз қызметінде негіз болатын ұстанымдарды орындайтындығы айқындалған. Оның ішінде Каспийді бейбітшілік пен тату көршіліктің, әрі достықтың аймағына айналдыру, теңізді бейбіт мақсатта пайдалану, елдердің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау, Каспий тараптарына жатпайтын қарулы күштерді болдырмау ескерілген.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Түрлі режимдер мен акваторияларды аймақтарға бөлу бойынша консенсуске қол жеткізілді. Біз территориялық суларды 20-15 теңіз милі енімен бекіттік, сонымен бірге, олардың сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебеге ие болады. Территориялық сулар 10 мильдік терең сулы аймақтармен қоршалған. Онда әрбір мемлекет балық аулауға қатысты айрықша құқыққа ие. Биологиялық ресурстардың бірегей популяциясын сақтау мақсатында барлық акваторияда балық аулау шаралары келісілген ұлттық квоталар негізінде іске асырылады. Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін бекіре тұқымдастарына мораторий жариялау туралы арнайы шешімді қабылдағанбыз. Бұдан басқа, әрбір мемлекет өзінің теңіз түбінің секторында жер қойнауын пайдалануда тәуелсіз құқығын жүзеге асырады. Сонымен бірге, теңіз түбімен магистарльды құбырларды, кабельді тарту мүмкіндігі ескерілген. Алайда, экологиялық талаптар сақталуы тиіс. Мен әріптестеріме, яғни, барлық елдің басшыларына, сондай-ақ, Конвенцияны әзірлеген арнайы жұмыс тобына өте маңызды жұмыс атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздер болмасаңыздар, бүгінгі жетістікке жетпес едік. Ақтау саммитінің қорытындылары Каспий теңізіндегі жан-жақты іс-қимылдарымызды ілгерілетуге өз үлесін қосады.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы