Басты Жаңалықтар Сириядағы тұрақсыздықты бейбіт реттеуге кепіл болған үш елдің Сыртқы істер министрлері алғаш рет Астанаға жиналды

Сириядағы тұрақсыздықты бейбіт реттеуге кепіл болған үш елдің Сыртқы істер министрлері алғаш рет Астанаға жиналды

Олар былтыр қаңтардан бастап өткізілген келіссөздің 8 кезеңін жоғары бағалады. Түркия, Ресей және Иран Сыртқы істер министрлері келіссөздердің нәтижесін талқылап, алдағы жоспарларын пысықтады. Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоғлы ұзақ жылдар бойы бір-бірін көрместей болып кеткен Сириядағы оппозиция мен билік Астанада бір үстел басына отырғанын лайықты бағалады. «Астана процесі арқасында Женева келіссөзі жалғасын тапты», — деді. Ресейдің Сыртқы істер ведомствосының жетекшісі Сергей Лавров өз кезегінде миллиондаған сириялықтың Астанаға үмітпен қарап отырғанын алға тартты. 

 Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Қазақстанның аталған келіссөздерге өз алаңын ұсынуы Сириядағы қақтығысты реттеу жолындағы еліміздің, оның ішінде БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары аралығындағы тұрақты емес мүшелері ретіндегі қомақты үлесі деп бағалаймыз.

Бөлісу